D28 айсбергі толық еруге қанша жыл керек?
Антарктидағы мұз таудың бір бөлігі морт сынды. Оның рекордтық салмағы 315 млрд тонна болады.
Автор: Салтанат Шырынхан
01.10.2019
Жалпы аумағы 1636 шаршы шақырым алып мұз тіпті Мальта аралынан бес есе үлкен. Ал қалыңдығы - 210 метр. Мамандар мұндай айсберг ашық мұхитта соңғы жарты ғасырда кездеспегенін айтады.
Ол D28 деп аталады. Үлкен көлемдегі айсберг кемелер үшін қауіпті болғандықтан, ғалымдар алдағы жылдары оның қозғалысын үнемі бақылауда ұстайтын болады.
Мұздың жаңа бөлігінің құлауы жаһандық жылынумен байланысты емес дейді. Эймери мұздығының беті жаз айларында белсенді түрде ериді, бірақ айтарлықтай шығынға ұшырамайтын көрінеді. D28 айсбергі қазір толқынмен бірге батысқа қарай бет алып барады. Мамандардың айтуынша, ол толығымен еріп біту үшін бірнеше жыл қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!