{metadescription}
Нұр-Сұлтан әкімі ПИК-нің мардымсыз жұмысын сынады
Нұр-Сұлтан әкімі ПИК-нің мардымсыз жұмысын сынады

Нұр-Сұлтан әкімі ПИК-нің мардымсыз жұмысын сынады

Жұмыс істемейтін пәтер иелерінің кооперативтері әкімдік беделіне нұқсан келтіріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі бас шаһардағы пәтер иелері коперативтерінің қызметі мен құрылыс компанияларының жұмысын сынады.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Тұрғындардың шағымы – орынды. Пәтер иелерінің кооперативіне ай сайын ақша төлейді. Бірақ мардымды жұмыс істеп жатқан олар жоқ. Сосын әкімдікке шағымданады. Ал шындығында ПИК – өзінөзі басқару институты.

Шаһар басшысы электрондық ПИК құруға шақырды. Мұндай жағдайда тұрғындар кооператив төрағасына көңілі толмаса, орнына өздерінің арасынан басшы сайлай алады. Немесе қызмет көрсететін компания жалдайды. Ал ол мекеме бұрынғыдай 10 шақты үйге емес, көпқабатты бір баспанаға ғана қызмет көрсетеді. «Әйтпесе тұрғындардың арыз-тілегін тыңдайтын ешкім жоқ», - дейді Көлгінов. Оның сөзінен елордалықтардың әкімдікке шағымданып, шенеуніктердің мазасын әбден алғаны байқалып тұрды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде