{metadescription}
Кішкентай қызды зорламақ болған қария алты жылға соталды
Кішкентай қызды зорламақ болған қария алты жылға соталды

Кішкентай қызды зорламақ болған қария алты жылға соталды

Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған 74 жастағы зейнеткер сотталды. Азғындыққа барған қария енді алты жыл өмірін түрмеде өткізеді. Осыдан бес ай бұрын алты жасар бүлдіршінді тәттімен алдап, ұятты жеріне қол жүгіртіп жатқанда оны көршілері ұстап алған еді.

- Мынау зорлайын деп жатыр. Дамбалына қолын салып жіберген. Чупачупс алып берген.

Куәгер ретінде сотқа қарияның ерсі қылығын көрген көршілері шақыртылды. Олардың сөзінше, қария баланы аймалап отырған. Енді сол азғындығы үшін алты жылға жаза кесілді. Зейнеткердің өзі судьяға түрмеден тірі шықпайтын шығармын деген сөзін айтты. Дегенмен үкіммен екі тарап та келісіп отыр. Азғындыққа барған қарт түрмеде маскүнемдіктен еріксіз емделетін болды.

Қуаныш Мұратов, Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соттың судьясы:

- Сотталушы алты жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін. Сонымен қатар он жылға педагогикалық, балаларға қатысы бар мекемелерде қызмет етуге тыйым саламын. Маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде