Қасақана істемеді! Пышақтап өлтірген оқушының анасы сот үкіміне қарсы
Ақтөбеде өз қатарласын пышақтап өлтірген оқушыға қатысты үкім шықты. Енді он алты жастағы бозбала тоғыз жыл өмірін түрмеде өткізіп, сотталушының ата-анасы марқұмның туыстарына бес миллион теңге өтемақы төлейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.10.2019
Қанды оқиға тоғыз ай бұрын Шалқар қаласында болған. Ол кезде коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары қаланың қақ ортасындағы мұз айдынында төбелескен. 16 жастағы бозбала қарсы келген қатарласының жүрегіне пышақ тығып алады. Қансырап жатқан жасөспірімге ешкім жедел жәрдем шақырмай, таксимен аурухана ауласына тастап кеткен. Сотталушының анасы баласының мұндай қылмысқа қорғану үшін барғанын айтады. Ол кесілген жазаның тым ауыр екенін айтып, апелляциялық шағым түсірмекші.
Алмагүл Сүлейменова, сотталушының анасы:
- Енді апелляцияға берем. Менің балам қасақана жасаған жоқ. Біліп қойыңдар. Бәріңнің балаң бар. Табылған қаруды жоқ қылды. Сот алдына келгенді ғана. Тергеуші жұмыс істесе, сегіз айда сегіз бала шығармай ма. Тергеуші жұмыс істемеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!