{metadescription}
Тоқаев Ереванда Иран президенті, Сингапур және Армения премьер-министрлерімен кездесті
Тоқаев Ереванда Иран президенті, Сингапур және Армения премьер-министрлерімен кездесті

Тоқаев Ереванда Иран президенті, Сингапур және Армения премьер-министрлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ераванда өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық одағы кеңесінің отырысына қатысуда. Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Ереван саммитінде Иран президенті Хасан Руханимен кездесіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Президент мырза, біз бүгін Ереванда кездесіп отырмыз. Иран біздің тату көршіміз, серіктесіміз. Арамыздағы ынтымақтастық, қарымқатынас өте жақсы. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл салада үлкен жұмыс істеп, жол ашып берді. Енді менің мақсатым – осы қарым-қатынасқа қосымша серпін беру.  

Президент Сингапурдың премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесті. Бүгін Еуразия экономикалық одағы мен Сингапур Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қояды деп жоспарланған. Бұл құжат болашақта Еуразиялық бірлестіктің кеңістігін кеңейтіп, жоғары технология саласындағы серіктестікке серпін береді деген сенім бар.

Тоқаев Жоғары кеңестің отырысы басталғанға дейін Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті. Қазақ басшысы әріптесіне қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолын қарастыру қажеттігін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.