Үкімет әлеуметтік салаға қанша қаржы енгізеді
Елімізде жыл соңына дейін әлеуметтік салаға тағы 85 миллиард теңге бөлінбек. Өйткені жәрдемақы алатын көп балалы және аз қамтылған отбасылардың саны көбейген. Сәйкесінше, қазына шығыны артқан соң, Үкіметте республикалық бюджетке өзгертулер енгізуге тура келді.
Автор: Досжан Маратұлы
01.10.2019
Қосымша бөлінетін қаржының басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге жұмсалады. Негізі жыл басында республикалық бюджет нақтыланғанда, аталмыш мақсатта 224 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Бірақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау механизмі жеңілдетілген соң, оны алатын адамдардың саны әлдеқайда көбейген. Сондықтан қосымша ақша қажет болыпты. Ал қалған, 23 миллиард теңге медициналық қызметті арттыру мен аурухана салуға жұмсалмақ.
Берік Шолпанқұлов, Қаржы министрінің бірінші орынбасары:
- Көрсетілген міндеттерді қаржылық қамтамасыз ету, шығыстарды қайта бөлу және 94,9 миллиард теңге мөлшерінде ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша бюджет түсімдерін түзету жолымен жүзеге асыру ұсынылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!