{metadescription}
400! Доллар тағы қымбаттады. Экономистердің болжамы.
400! Доллар тағы қымбаттады. Экономистердің болжамы.

400! Доллар тағы қымбаттады. Экономистердің болжамы.

400-дің ауылы алыс емес. Елімізде доллар бағамы тағы қымбаттады. Ақша айырбастау орындарында 1 доллардың сатылу бағасы 390 теңгеге жеткен. Бұған қатысты экономистердің болжамы қандай? Теңге әлі де құнсыздана ма? Қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар.   

Теңгенің құнсыздануына қатысты сарапшылар не дейді?

АҚШ билігі пайыздық мөлшерлемесін өсіріп, ұлы держава екенін дәлелдеумен әлек. Бұл жағдай теңгенің адымын аштырмай, бағамын тұсап келеді.

Төл теңгеміздің әлсіреуі халықты да алаңдатып отыр. Барлығы қандай шешім қабылдарын білмей, әрі-сәрі күй кешіп жатқан жайы бар. Өйткені тұтыну тауарларының құны доллардың өсуімен ілесе жүретіні анық. Көпшілікті «қымбатшылық тағы жайлай ма?» деген сұрақ мазалайды.

Кеше ғана 1 АҚШ доллары 387 теңгеге саудаланған еді. Ал, бүгін ақша айырбастау орындарында 390 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай рекордтық көрсеткіш екі ай бұрын болған еді. Яғни, 7 тамызда көк қағаздың құны 390 теңгеге жетіп, қайта арзандаған болатын. Бірақ сол уақыттан бері Америка валютасы күшейіп, ұлттық валюта шатқаяқтады.Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресінің салқыны теңгемізді теңселтіп тұр деген пікірде.

Мақсат Халық, экономист:

- Бүгінгі болып жатқан құнсыздануға әсер еткен басты фактор, ол әлемдік нарықта болып жатқан АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдары. Осының салдарынан рубль де құнын жоғалта бастады. Оның артынан теңгеміздің де секіріп бара жатқанын байқап отырмыз.

Қара алтын нарығында да жағдай тұрақсыз. Брент маркалы мұнайдың бағасы 2,88 пайызға арзандап, баррелі 60 долларға түсті. Экономистер бұл жағдай төл ақшамыздың құнсыздануына әсер еткен факторлардың бірі дейді.

Айта кетсек, өткен айда Сауд Арабияның ірі мұнай зауыттарына дрондармен, зымыранмен шабуыл жасалған болатын. Осы оқиғадан кейін Сауд Арабиясының тақ мұрагері мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған көрсеткішке дейін шарықтайтынын ескерткен еді. Сарапшылар қаржы, мұнай нарығындағы жағдай әлі талай құбылатынын жеткізді.

Сондықтан қарапайым халыққа ақша айырбастау орындарына жүгірмей, сәл сабыр сақтауын сұрайды. Себебі, долларға деген сұраныстың артуы да ұлттық валютаға кері әсерін тигізбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.