{metadescription}
Маңғыстау кәсіпкерлері электронды сауда алаңына қарсы шықты
Маңғыстау кәсіпкерлері электронды сауда алаңына қарсы шықты

Маңғыстау кәсіпкерлері электронды сауда алаңына қарсы шықты

Маңғыстаудағы сұйытылған газ сататын кәсіпкерлер электронды сауда алаңына қарсы шықты. Бизнесмендердің айтуынша, бұл жүйе қымбатшылық пен газ тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан аталмыш тәсілден бас тартуды сұрап отыр. 

Тағанияз Бұханұлы, кәсіпкер:

- Электронды сауда алаңы арқылы сатқанша, бізге зауыттан тікелей алған тиімді. Біз зауыттан баяғыдан бері алып келе жатырмыз. Енді солай ала бергіміз келеді. Электронды сауда алаңы Маңғыстауға еш қажеті жоқ.

Жаңаөзендегі ең ірі газ өңдейтін зауыт бүгіннен бастап 15 пайыз өнімін тек электронды түрде саудаға шығаратын болды. Ал келер жылдан зауыт 100 пайыз осы тәсілге көшпек. Ал кәсіпкерлер бұл жүйе өздеріне де, халыққа да «тиімсіз» дейді. Мәсәлен, электронды сауда алаңы ашық болғандықтан, оған әр қалталының қатысуға хақы бар. Ол бизнесмен басқа өңірден болуы мүмкін. Ал жергілікті кәсіпкерлердің күні соларға қарап қалмақ. Оның үстіне екінші қолдан алғандықтан қымбатшылық туындайды дейді. Сондықтан көгілдір отын саудасымен айналысушылар шығын әкелетін жүйені жоюды сұрап отыр. Сөйтіп бұрынғыдай делдалсыз, газ өңдейтін зауыттармен тікелей жұмыс жасауға мұрсат беруді талап етеді. Егер талаптары орындалмаса, аймақтағы 300 кәсіпкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдамақ.  

Мұхит Нұртаев, кәсіпкер:

- Біздің ұсыныс – тікелей зауытпен келісім жасап, солардан газ алу. Себебі, айдан айға электронды сауда алаңы арқылы сатып жатыр. Бұлардың сату бағасы тоннасына 80 мың болып бара жатыр. Сондықтан кей бекеттер 55 тен сатса, кейбірі 65 тен сатуға тура келеді. Оның халық түсінбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде