Тас жолда көлік қаққан әйелді тағы екі мәшина басып өтті
Алматы - Талдықорған тас жолында әйелді көлік қағып, артынан тағы екі мәшина басып өтті. Үш көліктің астына түскен келіншек оқиға орнында жан тапсырды. Әйел рұқсатсыз жермен жүгіріп өтпек болған.
Автор: Салтанат Шырынхан
01.10.2019
Бірінші болып соққан жапон көлігінің жүргізушісі қараңғы түнде адамды байқамай қалғанын айтады. Ал үшінші автокөлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір ол іздестірілуде. Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер жүргізушілерді кінәлі деп тапса, олар 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тас жолдың Қапшағайға жақын бөлігі қауіпті аймақтың бірі. Жақын маңда үйлер орналасса да, жолда жарық жоқ.
Адам өміріне қауіп төндірген тағы бір жол апаты Алматыда болды. Куәгерлердің айтуынша, «Киа» белгісіз себептермен жолдың қарсы бағытына өтіп кетіп, «Mitsubishi-ге» соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Қалалық полиция департаментіндегілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!