{metadescription}
Ақтөбеде қураған талдар кәдеге жарады
Ақтөбеде қураған талдар кәдеге жарады

Ақтөбеде қураған талдар кәдеге жарады

Ақтөбе көшелеріндегі қураған кәрі ағаштарды оралдық шебер кәдеге жаратып жатыр. Болатбек Баймағанбетов жол бойындағы қауқиып тұрған ағаш діңінен мүсін жасауға кірісті.

Мұндай өнер Еуропа елдерінде кеңінен тараған. Ал бізде қураған ағашты түбірімен қоса кесіп тастайды. Мүсінші бұған қарсы. Керісінше, қаланың сәнін келтіруге пайдаланса дейді. Ол бұған дейін Орал қаласындағы көшелердің біразында ағаштан мүсін жонған екен. Енді Ақтөбенің көшелерін безендірмек ниетте. Болатбек ағаш діңінен ел көзінше мүсін жасау тұрғындар үшін де тамаша демалыс болады деп отыр.

Болатбек Баймағанбетов, мүсінші:

- Кәдімгі мүсіннен айырмашылығы – тұрғындардың көзінше істеледі. Түрлі сұрақ қойып, алаңдататын кез де бар. Бірақ ылғи мүсін жасап жүргендіктен, кісілердің мақтау сөздерінен шабыт алатын болдым.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде