Жошы ханның әулеті жерленген мазар табылды
Солтүстік Қазақстанда археологтар сенсациялық жаңалық ашты. Зерттеушілер Қызылжар ауылы маңынан Алтын орданың негізін қалаушы Жошы ханның әулеті жерленген мазарды таптық дейді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.10.2019
Кесененің кескін-келбеті мен 1200 метрлік аумағынан дәулетті адамдардың қабірі барын аңғару қиын емес. Бейітте екі кісінің денесі жатқаны анықталған. Көмілген мүрде Шыңғысханнан тараған төре тұқымына тиесілі болуы мүмкін. Қазба жұмыстары кезінде, 14-16 ғасырға жататын көптеген көне бұйымдар табылған. Археологтарды әсіресе 700 жыл бұрынғы құрылысшылардың еңбегі таңқалдырды. Сан ғасыр өтсе де, қыс кірпіштер сол қалпы сақталған. Олардың көлемі қазіргімен салыстарғанда едәуір үлкен. Мамандар мұны» ғасыр олжасы» дейді. Зираттағы қазба жұмыстары биыл тоқтатылатын болды. Келер жылы жаңа қарқынмен іске кіріспек. Ал зертеу жұмыстары аяқталғасын мазар қасиетті жерлер тізіміне еніп, мұражайға айналуы мүмкін.
Сәуле Мәлікова, Облыстық архив директоры:
- Бұл мазардың алғашқы мәліметтерін қарап, алғашқы табылған заттарға қарасақ, олар осы Алтын орта дәуірінде бұл өңірде мемлекеттің, қалалардың болғанын дәделдейді. Таңқаларлық ғажайып оқиға деп отырмыз. Біздің ақтаңдақ беттеріміздің жаңа деңгейге көтеріліп, ашылатынына кәміл сенеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!