{metadescription}
0:000:00
TURAN рулит! Бас жүлдеге тігілген автокөлікті ұтып алды

TURAN рулит! Бас жүлдеге тігілген автокөлікті ұтып алды

«Көкшетауминералды сулары» кәсіпорны ұйымдастырған «TURAN рулит!» республикалық акциясы аяқталды. Бүгін бас жүлдеге тігілген автокөлік иесі белгілі болды.

Станислав Максимец, «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры:

- Компаниямыз тәуелсіздік құрдасы. Кезінде геологтар жер асты суын іздегенде минералды су көзін осы Көкшетаудан тапқан. Содан бері талай жетістікке қол жетіп келеді. Бүгінгі акция да соның көрінісі.

Минералды судың 50-ден аса түрін өндіретін кәсіпорын өнімдерін еліміздің барлық өңірінде, сондай-ақ ТМД елдеріне шығара бастаған. Республикалық акцияның түпкі мақсаты – тұтыну аясын кеңейту. Тұран суын ішкен соң  құтысының қақпағына үңіліп, ондағы арнайы кодты тіркеген тұтынушы сыйлықтан үмітті болған.

Үш айға жуық жүргізілген шарада 85 мың адам түрлі сыйлыққа ие болды. Ұялы телефон бірліктерінен бастап, минералды су, электрсамокаттары берілген. Ал акцияның бас жүлдесі – автокөлік Жезқазған тұрғынына бұйырды.

Гүланар Байзақова, акция жеңімпазы:

- Естігенде, әрине, қуанышымды айтып жеткізе алмадым. Бірақ бір жағынан қуанышты, бір жағынан сеніңкіремей де. Өйткені бұл машина деген әркімге бұйыра бермейтін нәрсе ғой. Алланың берген несібесі ғой. Әрине, қуанышымда шек жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде