Mail on Sunday! Ханзада Гарри соттасып, жұбайын ақтап алмақ
Ұлыбритания ханзадасы Гарри әйелін қорғап алмақ. Ол жұбайы Меганның жеке басына қатысты хатты заңсыз таратқан Mail on Sunday баспасын сотқа бергелі жатыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.10.2019
Ханзада өз сөзінде осындай жағдайдың салдарынан 22 жыл бұрын анасынан айрылғанын алға тартты. Сондай-ақ, әйелінің де журналистерден көресінді көріп жатқанына ашулы. Осылайша Гарри тарихта болмаған қадам жасап, өз жұртының алдында жұбайын жақтамақ.
Ханзаданың 12 жасында анасы Диана ханшайымның өліміне де аталмыш жағдай себеп болған көрінеді. Оның айтуынша, жеке өміріне шүйліккен журналистер анасының артынан қалмай жол көлік апатына ұшыратқан. Сөйтіп Диана алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ал газет редакциясы барлық талаптың сақталғанын айтып, айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!