Президент бүкіл әріптестерінің көзінше министрдің масқарасын шығарды
Қалталы кәсіпкерге заңсыз қолдау көрсеткен Ішкі істер министрі қызметінен қуылды. Оны президент тура жиналыс үстінде қызметінен кетірді. Бұл жағдай Түрікменстанда болған.
02.10.2019
Қаһарына мінген Құрбанғұлы Бердімұхамедов бүкіл әріптестерінің көзінше министрдің масқарасын шығарды. Бұған Бас прокурордың баяндамасы себеп болған. Қауіпсіздік кеңесінде сөз алған Батыр Атдаев Ескендір Муликовтің сотталған бизнесменмен ым-жымы бір болғанын жайып салды.
Муликов атышулы Чары Куловқа заңсыз қолдау көрсетіп келген. Есесіне Ашхабадтың алпауыт бизнесмені министрдің кәсібін дөңгелетіп отырған екен. Осылайша Ескендір Муликовтің елде бірнеше тойханасы мен дәмханасы бар екені әшкере болды. Ал министрдің бизнесін шопыры басқарған.
Муликов кәсіпкердің туыстарын басшылық қызметтерге отырғызған екен. Президенттен сөз естіген министр жұмыстан қуылып қана қоймай, жиналыстан соң қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары