Бағдадтың орталық көшесі соғыс алаңына айналды
Иракта кедейлік пен жемқорлыққа қарсы бейбіт наразылық шеруінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Полиция шеруге шыққандарды тоқтату үшін көз жасаурататын газ бен су атқыш және қару қолданды. Қақтығыс салдарынан 2 адам қаза тауып, үш жүзге жуық адам жарақат алды.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.10.2019
Бағдадтағы орталық көше соғыс алаңына айналды. Соның салдарынан жүздеген тұрғын зардап шекті. Үш мыңға жуық жастар мемлекеттен тыныш өмір мен тұрақтылықтың сақталғанын сұрап бейбіт шеруге шыққан еді.
Жұмыссыздыққа, сыбайлас жемқорлыққа, үнемі жарықтың жоқтығы мен судың жетіспеушілігіне қатысты наразылықтарын білдірді. Әр түрлі елдердің елшіліктері мен үкіметтік ұйым орналасқан «жасыл аймаққа» кіруге әрекет етті. Митингтің арты үлкен дауға ұласып, полиция қызметкерлерінің күш қолдануына тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!