{metadescription}
Жарыққа жарымаған Шет тұрғындары монополиспен соттасып жүр
Жарыққа жарымаған Шет тұрғындары монополиспен соттасып жүр

Жарыққа жарымаған Шет тұрғындары монополиспен соттасып жүр

Қарағанды облысындағы Шет ауданының тұрғындары жылдар бойы жарыққа жарымай келеді. Ауылдарда электр қуаты жиі сөнетіні өз алдына, аудан орталығынан үй салғандар жарыққа қосыла алмай қор болады екен. Ауданда жарық тасымалдайтын монополист компания тұрғындардан жарыққа қосу үшін қомақты қаражат талап ететін көрінеді. Компания басшысының айтуынша, меншігіндегі электр желілері мен трансформаторлар ескірген. Энергия тасымалдау жұмыстарының шығындары шаш етектен деп маңайлатпайды.

Ал аудан атқамінерлері монополист пен тұрғындардың арасындағы дауға араласа алмаймыз деп отыр.

- Құрманғазыны әкеп көру керек осында, қараңғы жерде қалай отырсын. Түнімен қан қысымым көтеріледі, өлшейміз, құлаймыз. Мотордың дауысы қатты ғой. Дардар етіп, көршілерден де ұят. 

Еркебаевтар отбасы екі жылдан бері генератордың арқасында жарық көріп отыр. Бірақ ол кешке істегенімен, үйдегі техника қосылмайды. Жаңа үйдегі су жаңа теледидарды да тұрғындар көре алмайды. Өйткені аудандағы монополист аранын қатты ашып отыр екен.

Елжас Еркебаев, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны:  

- Қосып беруге мына бағанадан мына жерге дейін миллион жарым, екі миллион теңге сұрап. Маған ана жерде тұрған трансформаторды жаңасына айырбастап бер дейді. Сен үй салар кезде менен құрылыс материалын алған жоқсың, саған жарықты мүлдем қоспаймын дейді. Сараптамадан келіп, қосуға болады деп қорытындысын берді. Бірақ ол кісі сараптама қорытындысын құжат санамаймын дейді.  

Үйдің жарықсыз тұрғанына төрт жыл болған. Иесінің айтуынша, жарық беруші компания оның мойнына 9 электр бағанасын ауыстыруды жүктепті. Болмаса, миллиондаған қаражатты туып беруі керек. Бергендері жарыққа қосылады.

Нариман Омаров, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны:

- Бұл үйге келгенде айырбастау керек деп талап қойған. Ал осы үйден кейін салынған үйлер қосылды. Олар ақша төлеген. Ал ол ақшаның барлығын заңсыз алып отырған, не түбіртек, не чек бермейді.

1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания балансында 10 шақты ауыл мен аудан орталығы бар. Олар алғашында энергиямен толық қамтамасыз етіп келген. 2007 жылдан кейін тек энергияны тасымалдаумен айналысуы керек деген ереже шыққан екен. Содан бері таратқан энергияның тарифінен түсетін тиын-тебен жыртыққа жамау болмайды деген уәж айтады.

Құрманғазы Әміров, «Шетэнерго» ЖШС директоры:

- Қазір бүгінгі күнге 2 теңге 57 тиынға түсіріп тастады. Мен бұл ақшаға техникалық шығынды ала алмаймын. Жалақы, ГСМ – барлығын алып тастадым. Бүгінгі күні жалаңаш отырмын, түгім жоқ. Жаңағы кісілердің трансформаторы біреуі 67 ші жылғы, біреуі одан да арғы жылғы. Ол бүгінгі күнде толық пайдалануға келмейді. Үйді бәрін салып бітеді. Ол біз туралы, тоқ туралы, су туралы айтпайды. Үй біткеннен кейін келіп отыр. Бізді қосып берді. 

Жергілікті билік бұл мәселеден хабардар. Бірақ қолдан келер қайран жоқ дейді.  

Мұхит Мұхтаров, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

- Меншік иесі өз тарапынан қаражат шығарып, жабдықтарын жаңарту керек. Оны дұрыс пайдаланып ұстау керек. Ол өзі осы жүйені алғанда мойнына алған міндеттемелері бар ғой. Сол міндеттемелерді сапалы орындауы керек. Оған атқарушы орган тарапынан қандай көмек бере аламыз?

Биліктегілердің айтуынша, монополистің құрылғыларын мемлекет есебінен жаңарту заңға қайшы. Сондықтан елдің еңіреп жүргенін көрсе де, іштен тынады екен. Ал ауданда өзі би, өзі қожа боп алған монополиспен жарыққа жете алмаған тұрғындар өздері соттасып жүр. Қызметін сапалы атқара алмаса, биліктен басқа мекемені тартуды талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде