{metadescription}
0:000:00
Жемқорлық бар ма? Әлеуметтік сауалнама қорытындысы  

Жемқорлық бар ма? Әлеуметтік сауалнама қорытындысы  

Солтүстік Қазақстан облысының жұрты «бара бергенше, пара бер» деген ұстанымға бейіл екенін көрсетті. Аймақта «Жемқорлық бар ма?» деген сұрақ төңірегінде әлеуметтік сауалнама жүргізілген.

Сұралған 700 адамның 60 пайызға жуығы «жең ұшынан жалғасу бар» депті. Тіпті тұрғындар шаруаны тезірек шешу үшін тиісті мекеме өкілдеріне өз еркімен ақша беретінін айтқан. Ал ұсынылған конверттен бас тартпай, мәселені жылдам реттеп беретіндердің көшін жер қатынастары, халыққа қызмет көрсету орталығы, білім және медицина салалары бастап тұр. Бұл заңсыздық көбіне делдалдар арқылы жүзеге асады-мыс.

Сауалнамаға қатысқандардың 18 пайызы шенді-шекпенділердің өздері де істі тез тындыру үшін ақша талап етеді деген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде