28 анықтама! Енді халыққа қызмет көрсету орталығына сабылмаймыз
Елімізде тағы да 28 анықтама алынып тасталуы мүмкін. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осылайша артық қағазбастылықтан арылтып, анықтамаларды қажет болған жағдайда тек электрондық түрде беруді жоспарлап отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
02.10.2019
Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры:
- Бұл психоневрологиялық диспансерден, наркологиялық диспансерден, туберкулезге қарсы диспансерден алынатын анықтамалар. Нәтижесінде біз азаматтарымыздың өмірін барынша жеңілдетеміз.
Анықтамалар қолданыстан жойылатын болса, жұрт қазіргідей халыққа қызмет көрсету орталығына барып сабылып жүрмейді. Ал егер оны жекеменшік компания сұратып жатса, кез келген адам оны өзінің електронды үкіметтегі жеке кабинетіне кіріп ала алады.
Әзірге құжаттардың қашан алынып тасталатыны белгісіз. Белгілісі, 1-ші қарашадан бастап елімізде мекен-жай анықтамасы деген болмайды. Сұратқан мемлекеттік орын мәліметті электрондық базадан тауып алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!