{metadescription}
0:000:00
Жедел жәрдем дәрігерлерінің миын шайқап, мұрнын сындырды

Жедел жәрдем дәрігерлерінің миын шайқап, мұрнын сындырды

Семейде 29 жастағы азамат шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жықты. Соның салдарынан фельдшердің миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған. Ал қасындағы ер адамның мұрны сынған.

Балжан Әлмағанбетова, Семей қаласының жедел жәрдем станциясының аға дәрігері:

- Екі фельдшерді де соққан. Олар қазір ауруханада емдом алып жатыр. Бас-ми жарақаттары бар.

Медицина қызметкерлері іші ауырған жүкті келіншекке көмек көрсетуге келген. Дәрігерлер оған құрсағындағы сәбидің түсіп қалу қаупі барын айтыпты. Сол сәтте жолдасы олардан ауыртпайтын дәрі егуін талап етіп жұдырық ала жүгірген.

Таяқ жеген жедел жәрдем дәрігерлері кінәлінің қатаң жазаға тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, бұл өзгеге сабақ болуы тиіс. Қазір бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрған адамның мас немесе сау болғаны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.