Ресейлік алаяқтар еліміздің банк шотынан қыруар ақша ұрлаған
Ресейлік әккі алаяқтар еліміздің банк шоттарынан ақша жымқыру үшін интернеттегі жарнаманы пайдаланған. Бұл жайында Ішкі істер министрлігіндегілер хабарлады. Қылмыскерлер алаяқтық жолмен 200 миллион теңгені қолды қылған.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.10.2019
Арам ойын іске асырғандар Мәскеу, Санкт-Петербург пен Уфа секілді ірі қалалардан ақшаны шешіп алып отырған. Министрліктің мәліметінше, биыл хакерлерге қатысты 88 іс тіркелсе, полицейлер 42 дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазақстандық тарап қылмыскерлері қолға түсіру үшін ақшаны банкоматтан шығарып алған адамдардың видеосын беру туралы сауал жолдаған. Алайда оған екі айдан астам уақыт қажет. Осы аралықта бейнетаспа сақталмауы мүмкін деп отыр. Сондықтан мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында 7 ел бірлескен құжатқа қол қойды.
Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Бірінші – қылмыстардың алдын алу. Екіншіден – болған қылмыстарды ашу мәселесі. Үшіншіден – зардап шеккендердің мүлкін қайтарып беру мақсатында осындай келісімге қол қойылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!