{metadescription}
Неге білмейсіз? Нығматулин министрдің орынбасарына қатты шүйлікті
Неге білмейсіз? Нығматулин министрдің орынбасарына қатты шүйлікті

Неге білмейсіз? Нығматулин министрдің орынбасарына қатты шүйлікті

Жұмыста жүйе жоқ! Мәжіліс төрағасы депутаттардың сауалына жөндеп жауап бере алмаған қорғаныс министрінің орынбасарына шүйлікті.      

Асылбек Смағұлов, Мәжіліс депутаты:

- Соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытына арналған ҚР әскери көліктік міндеттің тәртібін әзірлеп, оны үкіметтің бекітуіне енгізетін болады. Оған кәсіпорындар мен ұйымдардың, азаматтардың көлік құралдары тартылады. Бұл норманы іске асыру үшін механизмі қалай болады?

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұрат Бектанов депутаттың сұрағына жауап таппай кібіртіктеп қалды. Шенді құжаттағы бұл норма әлі қаралады, ережелерді енді бекітеміз деп ақталуға тырысты. Сол сәтте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әріптесін «құтқаруға» кірісті. Дәленовтің айтуынша, соғыс кезінде көлік қажет болса, азаматтар мен кәсіпорындарға тиесілі көлікті алынады. Алайда меншік иелеріне 60 күннің ішінде оның құны өтелуі тиіс. Заң жобасының бұл бөлігі тек соғыс кезінде ғана қолданылуы тиіс деп жауап берді. Ал өз саласына қатысты сұраққа мардымды жауап бере алмағен шендінің көптің алдына қызаруына тура келді.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Мұрат Кәрібаевич, соны білу керек қой. Сіз білдей бастықсыз, соны білмесеңіз, қол астыңызда жұмыс істеген офицерлер қайдан біледі?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде