Зейнеткерлер тиісті ақшасын ала алмай сандалып жүр
Шенеуніктердің салғырттығынан зейнеткерлер зардап шекті. Жылдар бойы еңбек етіп бейнетінің зейнетін көрер шақта қариялар тиісті ақшасын ала алмай сандалып жүр.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.10.2019
Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:
- Қарағанды облысының Шет ауданынан келген азаматша өмір бойы «Қоңырат» шаруашылығында еңбек етсе де, зейнетке шығу кезінде еңбек өтілін дәлелдей алмай, ең төменгі 23 мың теңгемен зейнетке шыққан.
Әйелдің шаруашылықта жұмыс істегені туралы дерек мұрағатта сақталмапты. Мамандар еңбек кітапшасындағы жазбаларды да ескермеген. Ақыр соңында тұрғын заңды табысына қол жеткізе алмай отыр.
Депутаттарды кезінде бұл совхозда қызмет еткен 1000-ға жуық адамның қазіргі жағдайы алаңдатып отыр. Сондықтан мәжілісмендер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне қариялардың құқығын аяққа таптап отырғандарға шара қолдануды сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!