{metadescription}
Латын графикасының жаңа ережесі, емледегі өзгерістер
Латын графикасының жаңа ережесі, емледегі өзгерістер

Латын графикасының жаңа ережесі, емледегі өзгерістер

Жаңа әліпби журналистерге де түсіндірілді. Алматыда «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында БАҚ пен баспа қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Шаяхметов атындағы ұлттық орталық мамандары қазақ әліпбиі латын графикасының жаңа ережелерімен таныстырып, емледегі өзгерістер жөнінде ой бөлісті. 

Семинар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания өкілдеріне өткізілген. Оңтүстік астанаға атбасын бұрған тіл мамандары жаңа әліпбиді насихаттауды халық пен билік арасында көпір – журналистерден бастады. Бірнеше баяндама оқылып, мобильдік қосымша сынды латынға қатысты көмекші құралдар қолданылды. Ұйымдастырушылар қоғам латын қарпінің маңызын толықтай білуі үшін біршама уақыт пен осындай түсіндіру жұмыстарының қажеттігін айтады. Өйткені түсініксіз дүниенің барлығы басында үрейлі болады дейді.

Ербол Тілешов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

- 2018 – 1920шы жылы – ұйымдастыру кезеңі. Яғни әліпби, емле ережелерінің бекітілуі, мамандарға үйрету. 20-шы жылы нөлдік сыныптар мектепке баратын болады. Солардың әліпбесі, каллиграфия, клавиатура сияқты ұйымдастыру мәселесі. Насихаттық жұмыс – үлкен жұмыс. Семинардың да бағыты осы насихат жұмысымен байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.