{metadescription}
Авторлық құқық! Біреудің есебінен пайда табатындармен қалай күресеміз
Авторлық құқық! Біреудің есебінен пайда табатындармен қалай күресеміз

Авторлық құқық! Біреудің есебінен пайда табатындармен қалай күресеміз

Зияткерлік меншік құқығы қатаң сақталуы қажет. Алматыда авторлық және сабақтас құқықтар мәселесіне арналған халықаралық конференция басталды.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жиынға Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Армения және Молдовадан мамандар келген. Сарапшылар екі күн бойы авторлық құқықты қорғау және содан пайда табу жайын талқылап, күрделі мәселелерге жұрт назарын аударуды көздейді.

Жиында авторлық құқықты аяқ асты етіп, біреудің есебінен заңсыз пайдаға кенелетіндермен күресудің жолдары айтылды. Осылайша зияткерлік меншік құқығының қыр-сырына үңілген мамандар тек мұнай немесе шикізат көзіне арқа сүйемей, замануи технология мен шығармашылық бағытта әлемге танылып, ақыл-ойдың жетістігіне ұмтылу керек дейді.   

Төлеш Қаудыров, заң ғылымының докторы:

- Біз осы интеллектуалдық меншікті азаматтық құқықтардың бір түрі екенін ұмытпауымыз керек. Осылардың ерекшеліктерін лбіліп, сонда біздің қорғауымыз да салауатты болады, дарынды адамдарға өз дарынын пайдаланып ақша, қаражат табуға көмектесеміз бе деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде