{metadescription}
Хостел! Тұрғын үйлердегі шағын қонақүйлер жаппай жабылады
Хостел! Тұрғын үйлердегі шағын қонақүйлер жаппай жабылады

Хостел! Тұрғын үйлердегі шағын қонақүйлер жаппай жабылады

Көпқабатты тұрғын үйлерде хостел ашуға тыйым салынуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай заң жобасын әзірлеп жатыр. Егер жаңа құжат қабылданса, тұрғынүйлердегі шағын қонақүйлер жаппай жабылады. Бұл жаңалық кәсіпкерлерге жаққан жоқ. Өйткені елімізде енді ғана дами бастаған аталмыш бизнес құрдымға кетеді дейді олар.

Александрдың Алматыда бірнеше хостелі бар. Осы кәсіппен 7 жылдан бері айналысады. Қазір де қаланың қақ ортасындағы екі қабатты ескі үйді жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. 75 орындық хостелде бір түнеп шығу құны 2500 теңге. Қаржысын үнемдегісі келетін қала қонақтары қазір қонақүйге емес, осындай уақытша баспананы жиі жағалайды.

 

Александр Акназаров, кәсіпкер:

 

- Хостелге келетіндердің бәрі қала қонақтары. Сондықтан олар өзін мейлінше тәртіпті ұстауға тырысады. Бірақ жергілікті тұрғындар оларды жақтыра бермейді. Аулада қоқыс жатса да, орындықтар сынса да бізден көреді. Күн сайын болмаса да, аптасына бір рет үстімізден шағым түсіретіндер бар.

Хостелде келімді-кетімді қонақтардан бөлек, ұзақ мерзімге тұрақтаған студенттерде бар. Жатақханадан орын бұйырмаған шетелдік қыз-жігіттер айына отыз мың теңге төлеп тұрып жатыр. Алайда көршілер қарсы. Өйткені тұрғындар ауламыз кішігірім Мумбайға айналды дейді.  

 

Людмила, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Ауламызда кім көрінген жүреді. Подьездің есіктері мүлде жабылмайды. Хостел тұрғындары негізінен Үндістан мен Пәкістан азаматтары. Достарын ертіп келіп, түнімен шулайды.Үйімізді иесіз тастап кетуден қорқамыз.

Тұрғындардың жанайқайы енді ескеріле бастады. Елімізде хостел қызметі бұрын-соңды заңмен реттелмейтін. Алайда 2017 жылдан бері заң жобасы жазылып, қазір ол Сенаттың қарауына ұсынылды. 

 

Жанет Микишев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс саласын дамыту департаменті директорының орынбасары:

 

- Бұл заңда тұрғынүйлерде хостел ашуға тыйым салынған. Олардың өз жеке кіріпшығатын есігі болуы тиіс. Өйткені көршілерден көп шағымдар түсіп жатыр. Хостел тұрғындары тазалықты сақтамайды, тыныштығымызды бұзады дейтіндер көп. Сондықтан хостел қызметін заңмен ретте у керек.

Алайда жеке кәсіпкерлер бұл заң бизнесімізге»балта шабады» деген пікірде. Өйткені бір Алматыда 170-ке жуық хостел бар. Олардың басым бөлігі тұрғын үйлерде орналасқан. «Егер жаңа заң қабылданса, көпшілігі жабылады немесе жасырын жұмыс істей бастайды», - дейді кәсіпкерлер. Бұдан бюджетке түсетін түсім азайып, жұмыс орындары қысқаратыны да анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде