Шамалғанда жеңіл көлік суға құлап, екі адам мерт болды
Шамалғанда тағы да жантүршігерлік жол апаты. Алматы облысындағы станцияда жеңіл көлік жолдан шығып кетіп, ойдағы суға құлаған. Соның салдарынан екі адам қаза тапты.
Автор: Диас Нұрақын
03.10.2019
Тізгіндегі жүргізуші мен жолаушы аударылған көліктен шығып үлгермей суға тұншығып қалған. Оқиға бүгін таңертең болды. Болжам бойынша жүргізуші тізгінге ие бола аламай, жол жиегіндегі арыққа құлаған. Төрт дөңгелегі аспанға қараған көлікті трактордың көмегімен шығарды. Қазір аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
Серік Үпиев, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
- Қарасай ауданында таңертеңгі 9,30 шамасында Ауди көлігінің қақтығысуымен болған жол көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға орнында 1982 және 1988 жылғы екі жергілікті тұрғын қайтыс болды. Аталған жерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!