{metadescription}
Атырау облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің былығы ашылды
Атырау облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің былығы ашылды

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің былығы ашылды

Атыраудағы облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері қамауға алынды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореядан білім алып келген Қуаныш Нысанбаевқа қызметін асыра пайдаланып пара алды деген айып тағылып отыр.

Бас дәрігер жаңа туған сәбидің өліміне қатысты деректі жасырмақ болған. Ол үшін аймақтағы сот-медициналық сараптама институтының басшылығына жалған құжат жасап беруге өтініш айтады. Осы қызметі үшін 300 мың теңге ұсыныпты.

Қуаныш Нысанбаев босануға келген келіншектерден ақша алып отырған деген де күдікке ілініп отыр. Толғатып келгендерге перзентханада «бар жағдайды жасаймын» деп уәде еткен. Тергеушілер таққан айып мұнымен бітпейді. Перзентхана басшысы әріптестерінің шетелдік іс-сапарына бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратқан. Демеушілер бөлген бір жарым миллион теңгеге шетелде демалып келіпті. Қазір сот оны әріптесімен қоса қамауға санкция берді.

Мейрамгүл Өтеғұлова, Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі маманы:

- Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры және ҚКтің 99 бабы екінші бөлігінің үш, жеті тармақтарындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген орталықтың акушер гинеколыгына қатысты екі ай мерзім күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде