{metadescription}
Қызметінен кетсін! Біртанов өзіне қарсы студенттерге жауап берді
Қызметінен кетсін! Біртанов өзіне қарсы студенттерге жауап берді

Қызметінен кетсін! Біртанов өзіне қарсы студенттерге жауап берді

Министр қызметінен кетсін! Бүгін Елжан Біртанов осылай ұрандатқан студенттерге жауап берді. «Болашақ дәрігерлермен Алматыда кездесуге дайынмын», - дейді денсаулық сақтау министрі. 

- Біртанов кетсе, менің дәрігер болатын жағдайым бар.

Алматыдағы болашақ дәрігерлерді дайындайтын жекеменшік университеттің бұл студенттері 2012 жылы тегін грантқа ие болып, 7 жыл дәрігер мамандығында білім алады. Алайда жеті жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, интернатураны тәмамдағандар мемлекеттік комиссия шешімімен

Үш жыл ауыл аймақта жұмыс істеуге міндетті. Заңның осы бабын белден басқан 42 студент өз ақшасына резидентураға түседі. Сөйтсе, құжат күшіне енгенде оқып жатқан жоғары оқу орындары оларды көшеге қуып шығыпты. Министрдің айтуынша, мемлекеттік грантпен оқыған студенттерді тіпті ақылы түрде резидентураға қабылдамау туралы хат алдын ала медициналық ұйымдарға жіберілген. Соған құлақ аспаған кей оқу орындары енді студенттердің ақшасын қайтарып беруі тиіс.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Қазір заң бойынша екі шешім бар. Немесе оқудан шығып, мемлекет жіберген жерге барып жұмысқа кірісу. Болмаса, білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы арқылы осы мемлекет төлеген ақшаны қайтарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде