{metadescription}
Енді Тальгоның орнын Ресейдің өнімі басады
Енді Тальгоның орнын Ресейдің өнімі басады

Енді Тальгоның орнын Ресейдің өнімі басады

Елімізде бұдан былай Тальго вагондары шығарылмайды. Енді еуропалық стандарттарға сай, бұл вагондардың орнын қайтадан Ресейдің өнім басады. Ал испандық компаниямен келісім-шартты бұзған Үкімет сегіз жыл бұрын салынған «Тұлпар-Тальго» зауытына жаңа инвестор іздеп жатыр.

Берік Қамалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Қазақстанда вагон құрастырып шығаруға швейцариялық, қытайлық және ресейлік үш компания ниет білдіріп отыр. Оларға талабымызды қойдық. Пойыздар көмірмен емес, тоқпен жүруі тиіс. Әзірге Ресей тарапының ұсынысы ұнап отыр.

Сондықтан Тверьдегі кәсіпорыннан сынақ ретінде 30 миллиард теңгеге 63 вагон сатып алыныпты. Қазір ол Алматы-Маңғышылық бағытында жолаушыларды тасымалдап жүр. Әрі жыл соңына дейін тағы да ондаған вагон сатып алу үшін қосымша 19 миллиард теңге қажет. Ол пойыз Нұр-Сұлтаннан Сарыағашқа қатынамақ.

Жалпы, жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде екі мыңнан астам вагон болса, соның жартысына жуығының әбден тозығы жеткен. Оларды қайта-қайта жөндегенімен нәтиже шамалы. Сондықтан жаңасына ауыстыруға еліміздегі вагон құрастыру зауытының жұмысын қайта жандандыру қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде