{metadescription}
Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждардың саны рекордтық деңгейге жетті
Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждардың саны рекордтық деңгейге жетті

Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждардың саны рекордтық деңгейге жетті

Тарихта болмаған көрсеткіш! Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны рекордтық деңгейге жеткенін айтып, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, соңғы бірнеше айдың өзінде жәрдемақы алатындардың қатары 500 мың азаматқа артқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше дәл қазір елімізде екі миллионнан астам мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Олардың дені – аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Жыл соңына дейін оларды қаржылай қолдау үшін бюджетте ақша қарастырылмағандықтан қосымша 37 миллиард теңге бөлу қажет. Мәжілісмендер бүгін 2019 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қайта қарады.

Гүлжан Қарағұсова, Мәжіліс депутаты:

- Бізде небәры 8 миллион адам ғана еңбекке жарамды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай жағдай болған емес. Сонда осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары нәтиже берген жоқ па? Бұл қалай? Бұған кім жауап береді?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде