{metadescription}
Нью-Йорк: Қазақстандық дипломаттың қызын ит талады
Нью-Йорк: Қазақстандық дипломаттың қызын ит талады

Нью-Йорк: Қазақстандық дипломаттың қызын ит талады

Нью-Йоркте қазақстандық дипломаттың кішкентай қызын питбуль талап тастады. Таңертең сағат сегізде балабақшаға бармақшы болып анасымен үйден шыққанда қабаған ит тап берген.

Қызды құтқарып қалған осы жігіт. Оқиға қаланың Ривердейл ауданында болған. Қоршаудан шығып кеткен иттің аузына қорғаныш қабы кигізілмеген екен. Бүлдіршінге аяқасты шапқан питбульді сол маңайдағы жігіт көріп қалып таяқпен ұрады. Бірақ жыртқыш оны елей қоймапты. Басынан ұрғанда барып баланы босатқан. Сол аралықта беті мен мойнын бірнеше рет тістеп тастапты.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, балақай ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. «Қазір жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді. Ал қыздың әкесі Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Қазақстанның сондағы тұрақты өкілі екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде