Зайсан шекара заставасына неліктен Қасым Қайсеновтің есімі берілді
Елімізде шекара заставаларына жерімізді жаудан қорғап қол бастаған батырлардың атын беру дәстүрі жалғасып жатыр. Осындай мақсатта соңғы үш жылда 3 заставаның аты ауысқан. Соның бірі - Шығыс Қазақстан облысында биыл атауы өзгеріп, сол өлкенің тумасы, әйгілі партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің есімін иеленген шекара заставасы. Осы орайда бір топ журналсит-қаламгер аталмыш шекара түбіне барып, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Автор: Мақсат Мәлік
04.10.2019
Зайсандағы шекара заставасы бұған дейін қылышынан қан тамған командир Василий Кондюриннің есімімен аталған еді. Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары қазақ-қытай шекарасынан әрі-бері ауған ағайынды қынадай қырған Кондюриннің әрекетіне тарихшылар бағасын берсе, жергілікті халық әлі күнге дейін үрейленеді. Қызыл командирдің аты застваға 1965 жылы берілген. Соңғы жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 20/17 әскери бөлімінің заставасына батыр Қасым Қайсеновтің есімін беру мәселесі сан рет көтеріліп, биыл оң шешімін тапты.
Қазір заставаның ауласында даңқты батырға арнап ескертіш қойылған. Кказарманың ішінде Қайсеновтің өмірінен сыр шертетін шағын бұрыш ашылған. Шекара қызметінің өкілдері ел шетіндегі бекеттерді көрнекті тұлғалардың есімімен атау арқылы сарбаздар мен халықтың бойындағы отансүйгіштік қасиетті арттырамыз дейді.
Қанатбек Солтанов, ҚР ҰҚК ШҚ бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы:
- Кондюрин кейбіреулердің есінде керемет ерлік көрсеткен шекарашы болып қалуы мүмкін, бірақ жергілікті тұрғындардың оған көзқарасы қандай екенін өздеріңіз зерттепбіліп жүрсіздер. Өзіміздің батырлардың атын берсек. Өйткені қазақтың бұрынғы және соңғы батырларының бәрі туған жерін қарасақ шекара түбі екен. Бұл да бір парадокс, бұл да бір зерттеуге тұрарлық тақырып.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!