{metadescription}
Қарағандыда тегін балық аулаудың амалын тапты
Қарағандыда тегін балық аулаудың амалын тапты

Қарағандыда тегін балық аулаудың амалын тапты

Қарағанды шенеуніктері тұрғындарды жаппай балықпен қамтымақ. Бүгін бюджет қаражатына алынған 180 мың шабақ қаладағы су қоймасына жіберілді. Жекенің меншігіндегі су қоймасына кіруге ақы төлейтіндер болашақта қала іргесіндегі көлден балықты тегін аулайтын болды.

Тұқы балықтың шабақтары 500 грамнан асқанда ғана аулауға келеді екен. Сондықтан мамандар балықшыларды шабақтар ет алғанша, кемі бір жылдан аса уақыт күте тұруға шақырып отыр. Тіпті, шыдамай балыққа келгендерге қармаққа шабақтар ілініп жатса, суға қоя беруге кеңес берді. Өйткені жыл сайын балықтың саны азайған. Ал суға жіберілген 180 мың шабақ бюджеттің 4 жарым миллион теңгесіне сатып алынды. Су қоймасына тіршілік беру үшін осындай қадамға бардық дейді шенеуніктер. Ал тұрғындар мұнда ашкөздікпен келетіндердің де барын айтады.

Татьяна Харченко, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Кейбір адамдарға қарасаң, таң қаласың. Қымбат көліктерімен келеді. Жағдайы жақсы бола тұра, балықты аулармен ұстап, қынадай қырады. Өздерінен кейін өртеніп кетсе де бәрібір деген көзқарас қалыптасқан. Балық аулауға ермек ретінде қарап, жәй қармақпен немесе спиннингпен келуге болады ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде