{metadescription}
Ізгілік елшісі! Мұқтаж жандардың мүддесін көздейтін сайт ашылды
Ізгілік елшісі! Мұқтаж жандардың мүддесін көздейтін сайт ашылды

Ізгілік елшісі! Мұқтаж жандардың мүддесін көздейтін сайт ашылды

Алматыда «Ізгілік елшісі» деген атпен игі іс басталды. Мақсаты – мұқтаж азаматтар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу. Жомарт жандар мен еріктілер мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық техникалар сыйлайды. Шараға Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ұйытқы болып отыр. Олар өзгелерге үлгі көрсетіп, екі отбасыға көмек көрсетті.

Марал – жеті баланың анасы. Ұл-қыздарының үлкені 15-те, кенжесі енді ғана екіден асқан. Алматы іргесіндегі Алғабас ауылында тұратын келіншек еш жерде жұмыс істемейді. Ал күйеуі екі жыл бұрын сотталып кеткен. Сондықтан көпбалалы ана жомарт жандардың көмегіне мұқтаж екенін айтып талай табалдырықты тоздырыпты. Алайда арманы бүгін орындалған сияқты. «Ізгілік елшілері» өзінің сұрауы бойынша көпбалалы анаға кір жуатын машина сыйлады.

Марал Өркенхан, көпбалалы ана:

- Кір жуатын машинам жоқ, соны сұрадым. Біреулер әкеп берген, істемей қалды. Жеті бала болғанын кейін белгілі ғой, қаншама кір жуу керек. Әкімдіктен хабарласып сұрады. Кір жуғыш керек дедім.

Ізгілік елшілерінің игілігін көрген жалғыз Марал емес. Жалғызбасты тағы бір анаға жомарт жандар тоңазытқыш сыйлады. Тұрмыстық техникаларды Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ақша жинап алып берген. Осы арқылы олар өзгелерді де қамқор әрі қайырымды болуға шақырады. Тіпті бұл бір күндік науқан болып қалмас үшін арнайы сайт ашып, сол жерде көмек сұраған барлық мұқтаж азаматтарға «шама-шарқымыз жеткенше ел болып көмектессек» дейді.   

Елнар Игіліков, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

- Портал құрылған кезде әр азамат кіріп, қандай азаматқа қол ұшын бере алады, тек тұрмыстық техниа емес, азық-түлікпен көмектессе болады. Азаматтар тіркеліп жазады, көмек сұрайды. Волонтерлар барып көреді. Егер расымен мұқтаж болса, азаматтар көмектеседі.

«Ізгілік елшісі» сайты келесі дүйсенбіден бастап жұмыс істей бастайды. Оған тұрмысы төмен тұрғындар тіркеліп, керек-жарақтарын сұрай алады. Әзірге тек Алматы қаласында басталған игі іс болашақта бүкіл ел аумағында қарқынды қолдау табады деген жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.