{metadescription}
Петропавл: Дүкен кассасын екі минутта тып-типыл етті
Петропавлда әккі ұры екі минутта дүкен кассасын үптеп кетті. Ұрының ептілігіне тәртіп сақшылары таң қалып отыр. Киім сататын дүкенге күдікті терезе арқылы кірген. Пластикалық жақтауын темірмен ашып, бірден кассалық аппаратты ашып алады. Ондағы 45 мың теңгені қалтасына басқан. Оның дүкенге кіріп-шыққанын күзетшілер де байқамай қалыпты. Күдікті бұрын да ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.10.2019
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!