Сағынтаев Алматының бүгінгі ахуалын жайып салды
Алматының халқы 5 миллионға жетуі мүмкін. Дегенмен қаладағы тұрғындардың саны артқанын 2030-шы көре аламыз. Қаржыгерлер форумында сөз алған Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың болашағына осылай бағдар жасады.
Автор: Мақсат Мәлік
04.10.2019
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:
- Экономикалық мүмкіндіктер мен өмір сапасы жөнінде 100 мегополистің қатарына ену, сондай-ақ ғаламдық қала атануға ұзақ мерзімді міндет қойдық. Қаланың маңайын қос есептегенде, қазір Алматыда 3 миллионға жуық адам бар. 2030 жылы шаһардағы халық саны 5 миллионға жетуі мүмкін.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматы әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызын құрайтын 600 қаланың қатарына кіреді. Шаһардың бюджеті қазір жартты триллион теңге. Оның негізгі бөлігі әлеуметтік бағдарламалар мен инфрақұрылымды қаржыландыруға жұмсалады екен. Алайда әкім өзге мегаполистер секілді Алатаудың бөктерінде де жоғары өмір салтын қамтамасыз ету, экологиялық ахуалды жақсарту, қауіпсіздікті арттыру бағытта өткір мәселелер бар екенін мойындады. Ал қалада жыл сайын нысандарды қайта қалпына келтіру немесе жаңадан тұрғызу бағытында 100 миллиард теңге бөлінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!