{metadescription}
ШҚО: Малын қасқыр қырып кеткендерге Ахметбұлақ әкімі сенбей отыр
ШҚО: Малын қасқыр қырып кеткендерге Ахметбұлақ әкімі сенбей отыр

ШҚО: Малын қасқыр қырып кеткендерге Ахметбұлақ әкімі сенбей отыр

Шығыс Қазақстанда ауылға қасқыр шауып, 80 қойды тамақтап кетті. Жантүршігерлік жайтқа куәгер болған тұрғындар енді бала-шағасының өміріне алаңдап отыр.

Оқиға Тарбағатайдағы Ахметбұлақ ауылында болды. Ауыл ішіне түнделетіп кірген түз тағылары қорада қамаулы тұрған малдың түгін қалдырмаған. Шаруалардың айтуынша, бұл қасқырлардың бірінші шабуылы емес. Ауылды былтырдан бері үрейде ұстап келеді. Өңірде қасқырлардың көбейгенін табиғатты реттеу мамандары да мойындап отыр. Ал тұрғындардың қорғанатын қаруы жоқ. Айтуларынша, тәртіп сақшылары жинап алған.

Жалаңқол қойшылар енді бала-шағасының қауіпсіздігіне қайғырып отыр. Ауылға тап беруден тартынбаған қасқырлар адамға да ауыз салмасына сенім жоқ. Ал әкімдіктегілер көзбен көрмеген соң, қойға шапқан қасқыр екеніне күмән келтірді.    

Дәуітбек Ниязбеков, ауыл әкімі:

- Енді ол жиі емес, бірақ болып тұрады. Мынау қасқыр, не басқа хайуан екені әзірге белгісіз, бұл тек жай болжам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде