{metadescription}
Петропавл: Сүрілетін үй ақыры өртеніп кетті
Петропавл: Сүрілетін үй ақыры өртеніп кетті

Петропавл: Сүрілетін үй ақыры өртеніп кетті

Петропавлда мектеп құрылысына кедергі келтірген үй ақыры өртеніп тынды. Бірнеше айдан бері әкімдік бұл ғимаратты сүре алмай отырған. Себебі, Ромахиндер отбасы шенеуніктер ұсынған үш бөлмелі екі пәтердің орнына төрт баспана сұрады. Енді олар үйімізді «қасақана өртеп жіберді» деп отыр.

Светлана Ромахина, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Үйіміздің алдын сүріп тастағалы бері күн сайын күзетіп отыр едік. Тағы да келіп бұзып тастай ма деп қорықтық. Себебі, қазір соттасып жатырмыз. Олар әдейі дәлел болмау үшін үйді өртеп жіберді. 247 шаршы метр баспанамыздың орнына осынша көлемі бар пәтер талап еттік.

Дауға айналған үйдің қазір түгі қалмаған. От таңғы сағат алты шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды екі сағат бойы өшіргенін айтады. Күлге айналған үйдің орнына жыл басында мектеп салу керек болатын. Бірақ Ромахиндер әкімдіктен төрт пәтерді қатар сұрап көшпей қалған. Шенеуніктер ұсынған қос баспанаға келіспей қойыпты. Кейін әкімдік пен Романхиндер бір-бірін сотқа беріп, ол прцесс бүгін аяқталуы керек еді. Шенеуніктер тұрғындардың «қасақана өрт қойды» деген күдігін жоққа шығарып отыр. «Сот шешімімен онсыз да сүріп тастайтын едік», - дейді.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Қасақана өрт қойғанымыз жоқ. Заң бойынша сүріп тастауымыз керек еді. Олар қарсы болды. Сондықтан тағы да сотқа бердік. Қазір сот шешімі шығып, бір ай ішінде бәрібір сүріп тастайтын едік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде