Слекишина арыз жазып, Хакимовті түрмеге қайта тықты
Сотты сергелдеңге салған Слекишина! Атышулы әйелдің арыздануы сол еді, Шығыс Қазақстан облыстық соты өздері мерзімнен бұрын бостандыққа жіберген Руслан Хакимовті түрмеге кері қайтарды. Алматыдағы тергеу қапасының бұрынғы офицері енді қалған алты жылын соңына дейін абақтыда өткізуі мүмкін.
04.10.2019
Соттың өз шешіміне қарсы шығуына Наталья Слекишинаға әлі күнге дейін төленбеген моральдық өтемақы себеп болған. Яғни, Хакимов түрмеде оған зорлық көрсеткені үшін 3 миллион теңге беруі тиіс еді. Онымен қоймай, қызқұмар офицер Слекишина туып берген қызға да алимент төлемепті. Соған қарағанда, сот Хакимовті мерзімінен бұрын бостандыққа шығарарда мұның бірін де білмеген. Слекишина олардың есіне салды. Ал Руслан Хакимовқа қатысты сот шешімін Алматыда жүрген Наталья Слекишина онлайн режимде қадағалап отырған. Осылайша, үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Хакимовтің қуанышы үш айға ғана созылды.
Сликишинаның өзі де қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 8 жылған сотталған. Бірақ жазасын түрмеде туған баласы 5 жасқа толған соң өтеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!