{metadescription}
Сот Бекболат Төремұратов пен оның сыбайластарына қандай үкім шығарды
Сот Бекболат Төремұратов пен оның сыбайластарына қандай үкім шығарды

Сот Бекболат Төремұратов пен оның сыбайластарына қандай үкім шығарды

Оралда мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Судья басты айыпталуышының басбостандығын екі жылға шектеді. Полковник Төремұратов үш жылға мемлекеттік қызметтен аластатылды. Бірақ ол сол жерде рақымшылыққа ілінді.

Бірге жауапқа тартылған мемлекеттік сараптама бөлімінің қызметкері жазадан құтылған жоқ. Бибігүл Серғазина 3 жылға шартты түрде жазаға кесіліп, бес жыл мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды.

Ал Оралдағы тергеу қапасының құрылысына жауапты болған мердігер компанияның директоры Сергей Барабошко 6 жыл 8 айын абақтыда өтеуі тиіс. Енді үшеуі 500 млн. теңге материалдық шығынды өтеуі керек. Алайда олар сот шешіміне көңілі толмай отыр. Сондықтан үкімді қайта қарау туралы шағым жазбақ.

Қылмыстық атқару жүйесінің жоғары лауазымды қызметкері тендер барысында «Бура Строй» серіктестігіне қолдау білдірген. Сол арқылы ол Оралда салынуы тиіс абақтының құрылысына бөлінген 9 жарым млрд. теңгенің 1 жарым миллиардын жымқырған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде