Ішкі істер саласында жауапты қызмет атқарған қос полковник қамауға алынды
Ақмола облысында жоғары шенді екі полицей қамауға алынды. Қос полковник те көп жылдан бері Ішкі істер саласында жауапты қызмет атқарған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
04.10.2019
Полиция департаменті бастығының орынбасары Асан Сәдуов пен қаржымен қамту басқармасының бастығы Сәуле Жұмалинаға қатысты қызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алды немесе талан-таражға салды деген айыппен іс қозғалды. Асан Сәдуовтің аталмыш қызметке тағайындалғанына екі жыл болған. Бұған дейін ол ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын басқарды. Ал 20 жыл осы салада еңбек еткен полиция полковнигі Сәуле Жұмалина 7 жылдан бері қаржымен қамту басқармасының бастығы қызметін атқарды. Күдікке іліккен екі полковник заңсыздықпен соңғы бір жыл бойы айналысыпты. Тергеу қапасына қамалған полковник Асан Сәдуов қызметінен қуылды. Ал еңбек демалысында жүрген Сәуле Жұмалина үйінде күзетке алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!