Ауыл-аймаққа бөлінген миллиардтар тиімсіз жұмсалып, қолды болған
Өңірлерді дамытуға бөлінген миллиардтар тиімсіз жұмсалған және қолды болған! Ақордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында ауыл-аймаққа бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқаны талқыланды.
Автор: Досжан Маратұлы
04.10.2019
Президент жанындағы комиссия отырысын өткізген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға ерекше мән берді. Осы мақсатта бөлінген 5 миллиард теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Оның үстіне қыруар ақшаның бір бөлігі қолды болған.
Көшербаев жемқорлық дерегі жиі кездесетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауылды ауыз сумен қамту мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Аталмыш іс бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!