{metadescription}
Атырау: Тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтірген
Атырау: Тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтірген

Атырау: Тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтірген

Атыраудағы облыстық перинаталдық ауруханада болған сұмдық оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты. Жемқорлыққа қарсы агенттік дәрігерлердің тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтіргенін айтты. Аталмыш іске қатысы бар ақ халаттылар қамауға алынды.

Соңғы екі күннен бері ел назары Атыраудағы сұмдық оқиғаға ауып отыр. Облыстық перинаталдық ауруханадағы былыққа қатысты Жемқорлыққа қарсы агенттік пен Денсаулық сақтау министрлігі бір уақытта мәлімедеме жасап үлгерді.

Ақ халаттылардың бұлай істеуіне базадағы мәліметтерді өзгерте алмауы себеп болған. Осылайша қылмысын жасырмақ болған әріптестерінің ісін осы аурухананың бас дәрігері де қолдаған. Оңтүстік Кореядан «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген облыстық перинаталдық аурухананың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог қамауға алынды. 

Шыңғыс Қабдула, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Дәрігерлердің салғырттығынан тірі туылған шақалақ шетінеп кетті деп құжатқа жазылады. Кейін ақ халаттылар оның тірі екенін білгенде құтқарудың орнына ізін жасырып, баланы қасақана тоңазытқышта қалдырып өлтірген.

Күдіктілерге қатысты ҚК-тің 99-шы бабы яғни «Қасақана кісі өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева дәрігерлердің ісін жуып-шаюға тырысты.

 Ләззат Ақтаева, Денсаулық сақтау вице-министрі:

Әрбір пациенттің өлімі оның туыстары үшін ғана емес, вицеминистр ретінде мен үшін де қайғылы оқиға. Сондықтан осы отбасыдан және баланың анасынан кешірім сұраймын. Бұл қасақана істелген қылмыс па, жоқ па, оны тергеу аяқталған соң білеміз.

Бас дәрігер жаңа туған сәбидің өліміне қатысты деректі жасырмақ болған. Ол үшін аймақтағы сот-медициналық сараптама институтының басшылығына жалған құжат жасап беруге өтініш айтады. Осы қызметі үшін 300 мың теңге ұсыныпты. Қуаныш Нысанбаев босануға келген келіншектерден ақша алып отырған деген де күдікке ілініп отыр. Толғатып келгендерге перзентханада «бар жағдайды жасаймын» деп уәде еткен. Тергеушілер таққан айып мұнымен бітпейді. Перзентхана басшысы әріптестерінің шетелдік іс-сапарына бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратқан. Демеушілер бөлген бір жарым миллион теңгеге шетелде демалып келіпті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановта сұмдық оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваны дереу қызметінен алуды талап еті. Алайда Біртанов оны өз бұйрығымен орнынан кетіре амайды. Бұл Атырау облысының әкімінің құзіретіне жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.