{metadescription}
Сот жүйесіне сенім жоқ, ал полицияның жұмысына көңіл толмайды
Сот жүйесіне сенім жоқ, ал полицияның жұмысына көңіл толмайды

Сот жүйесіне сенім жоқ, ал полицияның жұмысына көңіл толмайды

Тұрғындардың сот жүйесіне сенім жоғалған. Ал жергілікті полицияның жұмысына көңілі толмайды. Бұл жайында қоғамдағы әлеуметтік құндылықтарды зерттеген сарапшылар мәлім етті.

Молдияр Ергебеков, С. Демирел атындағы университеттің профессоры:

- Адамдар мына нәрсені түсінді: саясат дегеніміз билікке ұмтылу емес, саясат дегеніміз – қоғамдық өмірді қалыптастыру, қоғамның күнделікті өмірін қалыптастыру. Қазір әлеуметтік желінің де ықпалымен көптеген мен саясатқа араласпаймын дегендердің өзі саяси пікірталасты ойларын жұртшылықпен бөлісіп отыруға бейім бола бастады.

Зерттеуді Тұңғыш президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты мен Фридрих Эберт атындағы қор жүргізген. Әлеуметтанушылар 18-ден асқан мың жарымға жуық адам арасында сауалнама өткізіпті. Нәтижесінде тұрғындар құқық қорғау саласынан бөлек, еліміздегі банк жүйесінің жұмысына сенімсіздікпен қарайтынын айтқан. «Бұған себеп өткен жылы үш бірдей қаржы институтының жабылуы», - дейді мамандар.

Сондай-ақ, сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі жемқорлықпен күресті күшейтіп, кез келген шара заң шеберінде жүргізілсе деп жауап берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде