Ақтөбе: Дариға Назарбаева мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне ескерту жасады
Халықпен атүсті жұмыс істеп, қоғамдық қызметке салғырт қарамау керек. Ақтөбеге іс-сапармен келген Cенат спикері Дариға Назарбаева мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне ескерту жасады.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.10.2019
Ақтөбеге 15 жылдан кейін келген Сенат төрайымы өңірдің біраз өзгергенін айтты. Ол әріптестерімен мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңға өзгерістер енгізуге белсене қатысуды сұрады. Себебі, аталмыш заң аймақтағы қоғамдық белсенділерге тікелей байланысты. Әсіресе мәслихат пен хатшының мәртесебін көтеріп, өзге қызметке бас қатырмай, тек мәслихат шаруасымен айналысатын депутаттар тобын құру жайы қарастырылған.
Мәслихат сессияларын аудандар мен ауылды аралап, көшпелі отырыс негізінде өткізуді, халықпен тығыз байланыста болуды тапсырды. Дариға Назарбаева Ақтөбеде кәсіпкер қыз-келіншектермен кездесіп, жастардың да ой-пікірін тыңдады.
Дариға Назарбаева, Сенат спикері:
- Жергілікті әлеуметтік мәселе болсын, экономика жағынан болсын, саясат жағынан болсын ақпарат алып тұру бізге де үлкен жетістік. Бірігіп жұмыс атқарсақ, үлкен жетістіктер әлі алда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!