{metadescription}
Әуе билетінің бағасы арзандай ма?
Әуе билетінің бағасы арзандай ма?

Әуе билетінің бағасы арзандай ма?

Әлемдік әуе компаниялары Қазақстан нарығына енбекші. Осының арқасында бәсекелестік артып, сәйкесінше, әуе билетінің бағасы арзандайды деп сенеді үкіметтегілер. Ұшақ билетінің құнын төмендетуді ел президенті жолдауында айтқан болатын.

Бейбіт Атамқұлов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Жақын болашақта Qatar Airways, Emirates, China Eastern, Орал авиажелілері, Победа және тағы басқа авиакомпаниялар келуі күтілуде. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында «ашық аспан» режимін енгіземіз.

Үкімет жолаушылардың қалтасын қақпай ыңғайлы баға ұсынуды көздеп отыр. Өйткені нарыққа кірген компаниялар жергілікті әуе бағыттарымен бәсекелестік орнатады.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таратқан мәлімет те әуе билетінің арзандауына септігін тигізуі мүмкін. Оның айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң әуе кемелері отандық жанармаймен ұшып-қонады. Бұдан былай ішкі нарықта авиакеросиннен ешқандай тапшылық болмайтынын жеткізген Бозымбаев, қажеттілік туындаса, жылына 850 мың тоннаға дейін авиаотын өндіреміз дейді.

Қазақстандық әуе компаниялары Қытай мен Ресейдің отынын тұтынып келген. Сырттан импортталатын керосиннің 1 тоннасы шамамен 700 доллар. Отандық жанармайдың бағасы одан 60 долларға арзан екен.

Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:

- Авиация отын өндірісінің көлемі 2018 жылдың өндірісімен салыстырғанда 694 мың тоннаға дейін немесе 1,8 есе ұлғайды. Авиакеросиннің импорт үлесі өткен жылғы 60 пайыздан биыл 4 пайызға дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.