{metadescription}
Ресейге қатынайтын автобустарда неге рұқсат құжат жоқ
Ресейге қатынайтын автобустарда неге рұқсат құжат жоқ

Ресейге қатынайтын автобустарда неге рұқсат құжат жоқ

Ақтөбеде қала арасына жолаушы таситын көліктер жаппай тексеріліп жатыр. Жол сақшылары еліміздің оңтүстігінен Ресейге қатынайтын автобустардың барлығында рұқсат құжаттың жоқ екенін айтады.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облыстық жол полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Үш күн ішінде 200ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде бес әкімшілік құқық бұзушылық – көлік құралын басқару кезінде арнайы жолаушылар тасымалына құжаты жоқ болған.

Құжатсыз автобустарды жол сақшылары айыппұл тұрағына тоғытқан. Жүргізушінің кесірінен жолаушылар жолынан қалып, басқа көлік іздеуіне тура келіпті.

«Мерседес» шағын автобусындағы жолаушыларды Ресейден Шымкентке жеткізуі керек болған. Тексеру кезінде жүргізушіден жолаушылар тасымалына қажетті құжаттан бастап, техникалық тексеруден өткенін растайтын куәлік те табылмады.

Нұр-Сұлтаннан Атырауға бет алған автобус та жолаушылар тасымалдауға жарамайтын болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде