{metadescription}
Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылып қалды 
Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылып қалды 

Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылып қалды 

Ақтөбеде автобуста апатқа ұшырап зардап шеккен 9 бала мен 4 ата-ана ауруханада ем алып жатыр. Оқушылар басынан жарақат алған, ал ересектерінің сүйегі сынған. Бір әйел жансақтау бөліміне түскен. Демалыс күні бір сыныптың оқушыларын ата-аналары табиғат аясында қыдыртпақ болады. Оқушылар мінген автобус қаладан шыға жеңіл көлікке соғысып аударылды. КТК тілшісі апаттан зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты.  

Табиғат аясына шығамыз деп жазым бола жаздаған ата-аналар мен оқушылар өз-өзіне келді. Бірақ ешбірі апатты есіне алғысы келмейді. Аударылған автобуста жарақат алған тоғыз бала мен 4 ата-ана ауруханада жатыр. Оқушылардың миы шайқалса, үлкендерінің сүйегі сынған. Өті жарылған бір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Рустам Латыпов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:

- Қазір үш ересек адам ауруханада жатыр. Біреуінің бұғанасы, екіншісінің омыртқасы сынған. Жансақтау бөліміндегі науқастың өті жарылып, қабырғалары мен жауырыны сынған. Тағы бір науқас темір жол ауруханасында.

№9 гимназияның 5-ші сынып оқушыларын ата-аналары демалыста табиғат аясына қыдыртпақшы болып автобус жалдапты. Қалалық білім бөліміндегілер ата-аналар бұл туралы мұғалімдеріне де, бізге де «ескерткен жоқ» деп отыр.

Саян Сүлейменов, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Атааналардың балаларды дала серуеніне апару бойынша мектеп әкімшілігі бірде-біреуі білмейді. Жүргізушінің айтуынша, мектеп қасына ата-аналар, оқушылар жиналды дейді. Бірақ мектепке бірде-бір бала, ата-ана келген жоқ. Ол туралы мектеп әкімшілігі бейхабар.

Ата-аналар жалдаған автобус жеке компанияға тиесілі. Жүргізуші қаладан шыға берістегі айналма жолда Тәжікстан азаматы тізгіндеген жеңіл көлікке жол бермеген. Ол автобустың бүйірінен соғып аударып тастаған.   

Аталмыш оиғадан кейін қала мектептерінде жаппай ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып жатыр. Оқушылардың қауіпсіздігіне мектеп басшылары мен жол полицияны ескертуді сұрауда. Тіпті керек болса, табиғат аясына еріп баратындарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.