Күйеуі бензин құйып өртеген әйел аялдамаға сүйретіліп әрең жеткен
Елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберді. Ер адамның қылмысқа баруына отбасылық жанжал себеп болған. 43 жастағы отағасы әйелін қаланың шетіндегі адам аз жүретін жерге апарып, үстіне бензин шашыпты.
Автор: Әсел Тұмашқызы
07.10.2019
Софья Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы:
- «Кісі өлтіруге ұмтылу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергептексеру жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті анықталып, қазір уақытша қамау изоляторында отыр.
От қойғаннан соң күйеуі келіншегінің өртеніп жатқанын қарап тұрған. Жалын лаулай бастағанда әйелін қамыстың ортасына тастап ізін суытпақ болыпты. Алайда дәм-тұзы таусылмаған келіншек отты өзі сөндіріп, халыққа қызмет көрсету орталығының автобус аялдамасына сүйретіліп әрең жеткен. Зардап шеккен келіншекті көрген жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырды. Денесінің 75 пайызын күйік шалған 38 жастағы әйелдің жағдайы ауыр. Ол бас қаладағы ауруханалардың бірінде хәл үстінде жатыр.
Татьяна Лебига, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері:
- Ол есін біледі, естиді. Бірақ жағдайын бағамдай алмайды. Әйел жасанды аппаратпен тыныстап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!