Дариға Назарбаева аймақтардың дамуына қатысты ұсыныс айтты
Аймақтың дамуына қатысты Парламент отырыстарына мәслихат депутаттары мен әкімдерді қатыстыру керек. Оралдағы әріптестерімен кездесу кезінде Cенат спикері Дариға Назарбаева осындай ұсыныс айтты.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.10.2019
Сенаторлардың 70 пайызы жергілікті Мәслихаттың дауыс беруі арқылы сайланады. Сондықтан Дариға Назарбаева батыстағы сапарында алдымен осы дауыс берушілермен кездесуді құп көрген.
Сондай-ақ қазір талқыланып жатқан Мәслихатқа қатысты заңға өзгерістер де сөз болды. Әріптестерінен бұл жобаға қатысты пікір білдіруден қалыс қалмау керектігін сұрады.
Ал аймақтағы кәсіпкер әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында мемлекеттік құрылымдағы еңбек ететін қыз-келіншектер саны сөз болды. Еліміздегі тұрғындардың жартысынан көбі әйелдер болғанымен, биліктегі ер-азаматтардың үлесі басым. Сондықтан бұл жағдайды аймақтық, республикалық деңгейде өзгерту керек деді спикер.
Дариға Назарбаева, Сенат спикері:
- Сенат жанында, құрамында кеңес құрылды. Осы жергілікті уәкілдік органдармен бірге ынтымақты жұмыс істейік дегендей. Бірталай мәслихаттардан ұсыныстар алып жатырмыз. Мәслихаттардың жұмыстарын, хатшыларының статусы бойынша. Ол ұсыныстар бізге қазір түсіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!